12
февраль
2019
"Бала құқығы - адам құқығы"
С.Шәкіров атындағы орта мектебінде «Дүниежүзілік балалар күніне» арналған «Бала құқығы – адам құқығы» - атты республикалық
онкүндік іс-шараның өткізілуі туралы
Анықтама
онкүндік іс-шараның өткізілуі туралы
Анықтама
Мерзімі: 19.11 – 30.11.2018 ж
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру, балаларды заң талаптарын бұзбай, өзіне жүктелген міндеттерді орындай білуге үйрету болып ттабылады.
Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің жоспары құрылып, бектілді.
Онкүндікке арналған іс-шаралар жоспар бойынша жүргізілді.
9-11. күні 1 – 11 сыныптар арасында «Құқықты білім күні» аталып өтілді. Сынып оқушыларына Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20-қарашада қабылданған «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының негізгі ережелері туралы таныстырылды.
20.11 күні «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен» форумы өткізіліп, бастауыш сынып оқушылары қамтылды.
20-23.11 аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбына байланысты сынып сағаттары өткізілді. 2 «А» сыныбында «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында 3 «А» сыныбында «Бала құқықтары мен міндеттері» тақырыбында, 8 «Ә» сыныбында «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында, 5 «А» сыныбында «Бала құқықтары туралы» Конвенцияның негізгі ережелері туралы 7 «Ә» сыныбында «Құқықтық тәрбие – заман талабы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Онкүндікте басқа сыныптар да іс-шараларға атсалысты.
23.11 күні 8-11 сыныптар аралығында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сауалнама алынып, қорытындыланды. 23.11. күні «Балалар әлеміндегі игі істер» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 26.11 күні «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында шығарма байқауы өтті. 26.11 күні «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудандық полиция қызметкері Пирматов Азат Жаңабайұлы қатысып,оқушылар өз ойларын ортаға салды.
27.11. 5»Ә» сыныбының ұйымдастыруымен «Жолда жүру ережесін естен шығармайық» тақырыбында көрініс қойылып, оқушылар жол белгілерін көрсетіп, таныстырды. Осы сыныптың ұйымдастыруымен флешмоб орындалды. Бұл іс-шараға аудандық полиция қызметкері А.Ж.Пирматов, Н.Топашев, мектеп медбикесі Р.Нарбекова қатысты.
28.11 «Абайла терезе!», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Балалардың құқықтары», «Бала.Құқық бұзушылық және жауапкершілік », «Бақытты ата-аналардың балалары да бақытты»тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, мән-мағынасы түсіндірілді. Онкүндік шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндігі парақшасында орналастырылды. 30.11 күні «Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндікте атқарылған іс-шаралар қорытындыланды.
Дайындаған: Г.Қ.Сыдықова